Голландиялық конькимен жүгіруші Крамер 24 дүркін әлем чемпионы атанды
11:33, 14 Ақпан 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нидерланды конькимен жүгірушісі, үш дүркін олимпиада чемпионы Свен Крамер 24-ші рет әлем чемпионы атағына ие болды. Ол сенбі күні Коломнада 5 5000 метр қашықтықта жеңіске жетті.
Крамер 5 шақырымды 6 минут 10,31 секундта бағындырды.
Күміске голландиялық Йоррит Бергсма (6.10,66), қолаға норвегиялық Сверре Лундре Педерсон (6.15.08) ие болды.
Осыған дейін Крамер 10 000 метр қашықтықта да алдына ешкімді салмаған еді.