Бұл туралы NBC телеарнасы хабарлады.
Грант алған қорлардың ішінде Amazon Watch, Save The Elephants, Tree People и World Wildlife Fund бар.
"Ғаламшарымыздағы табиғатты бүлдіру үдеп келеді. Сондықтан бұған немқұрайлы қарауға болмайды, - деді актер арнайы мәлімдемесінде. - Біз Жер тұрғындары қоршаған ортаны ластамайтын болашақ құруға жауаптымыз".
Қоршаған ортаны қорғау мақсатымен 1998 жылы Ди Каприо Leonardo DiCaprio Foundation атты өз қорын құрды. Бүгінде ұйым 40 елде жұмыс істейді.
Өткен жылдың қыркүйек айында Ди Каприо климаттың өзгеруі мәселелері бойынша БҰҰ елшісі атанды.