Голливуд актері Николас Кейдж ата атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгілі америкалық әртіс Николас Кейдж 50 жасында ата атанды, ұлы Уэстонның тұңғыш баласы дүниеге келді, деп жазды жұма күні Daily Mail газеті.

Баспасөзде белгілі болғандай, Уэстонның 23 жастағы зайыбы Даниэль 1 шілдеде ер бала туды, оған отбасы тегінің құрметіне Люсиан Огастус Коппола Кейдж деген есім берілді.

"Люсиан есімі тегіміз бойынша, менен алынған, ал Огастус аты Уэстон атасынан алынды", - деп хабарлады Даниэль Кейдж.

Николас Кейдж 60-тан астам фильмге түскен. Ол актерлік шеберлігі үшін бірқатар беледі наградалар иегері - "Золотой Глобустың" төрт сыйлығын және екі рет "Оскар" алған.