Келісім ең төменгі төлемдерді арттыруды, федерация мүшелерін жасанды интеллект қауіптерінен қорғау шараларын және бірнеше түсірілімге қатысу бонусын қамтиды.
160 мыңға жуық әртістің мүддесін алға тартқан актерлер кәсіподағы 14 шілдеде ереуілге шығып, АҚШ киноиндустриясындағы барлық өндірісті тоқтатқан еді. Актерлар жалақыны көбейтуді, артық жұмыс істегені үшін өтемақы төлеуді және кинематографияда жасанды интеллектіні пайдалануға шектеу қоюды талап етті.
9 қазанда тараптар келісімге келіп, наразылық акциялары аяқталды.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, сценаристердің ереуілі Голливуд экономикасын айтарлықтай күйретті.
Financial Times газетінің хабарлауынша, Голливуд сценаристері мен актерлердің ереуілі салаға 5 млрд доллардан астам (шамамен 4,7 млрд еуро) шығын келтірген.
Сонымен қатар, ереуіл салдарынан 18 қыркүйекте өтуі тиіс болған Emmy сыйлығын тапсыру рәсімі келесі жылға қалдырылған еді.