Полиция жексенбі күні таңертең 21 жастағы ер адамның мүрдесін хауыздан алып шыққан. Актрисаның өзі бұл уақытта үйінде болмағаны айтылды. Ассошиэйтед пресс агенттігінің хабарлауынша, марқұм хауызға рұқсаты бар адамдардың бірімен таныс болған.
02:15, 20 Шілде 2015
Голливуд жұлдызының үйіндегі хауызға жас жігіт тұншығып өлді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Голливуд жұлдызы Деми Мурдың үйіндегі хауызға бір ер адам тұншығып өлді, деп жазады жергілікті БАҚ Лос-Анджелес полициясына сілтеме жасай отырып.