Голливудта қазақстандық боксшы жайлы фильм түсіріліп жатыр
Осы кітаптағы таңғажайып оқиғалар желісіне құрылған көркем фильм қазіргі кезде Голливудта түсірілуде.
Өкінішке орай келісімшартта нақты атап көрсетілгеніндей, Питер жобаға қатысты өзге ақпараттарды толық жариялай алмайды. Дегенмен, романдағы қызықты оқиғалар бай сюжет пен тартымды фильм жасауға сұранып тұрғандығын жоққа шығаруға болмайды, дейді ол.
«Крутая петля» аса дарынды жас қазақстандық боксшы жайлы жазылған туынды. Ондағы кейіпкер әскери барлаудың құпия офицері ретінде шет елде қызмет етеді. Оқиға желісі оны өмірдің барлық қиындықтарынан өтуге мәжбүрлейді: түрме, Отанын сату, сүйіктісінен айырылу, соңында мүгедек болып, бақыр тиынсыз қалуы...
Қалай болғанда да фильм голливудтық классикалық хэппи-эндтердің біріне айналары сөзсіз. Яғни, кейіпкер мұрат-мақсатына жетеді, деп жазады Baq.kz.