Голливудта «Оскар-2015» номинанттары жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 'Оскар' үздік фильмі сыйлығы номианттары 'Американский снайпер', 'Бердмэн', 'Отрочество', 'Отель Гранд-Будапешт', 'Игра в имитацию', 'Сельма', 'Вселенная Стивена Хокинга' және 'Одержимость' фильмдері болып табылады.

Бұл туралы би-би-си жазады.

"Оскар" сыйлығы номинанттарын таңдаудың 87-ші рәсімі Калифорниядағы Беверли-Хиллздегі Америкалық кино өнері академиясында өтті.

"Үздік актер" санатындағы номинация иегерлері Стив Карелл, Брэдли Купер, Бенедикт Камбербертч, Майкл Китон және Эдди Редмейн болды.

Үздік актриса жеңімпаздары: Марион Котийяр, Фелисити Джоунс, Джулиан Мур, Розамунд Пайк пен Рис Визерспун.

Ресей режиссеры Андрей Звягинцевтің "Левиафан" фильмі «Оскар-2015» сайысында "шетел тіліндегі үздік фильмі" санатын жеңіп алды.

"Левиафаннан" басқа, бұл санатқа польшалық режиссер Павел Павликовскидің "Ида" фильмі, эстондық"Мандарина" лентасы, аргентиналық "Дикие истории" картинасы мен "Тимбукту" (Мавритания) лайық деп танылды.