АҚШ ақпарат құралдарының хабарлауынша, Голливудта қазір 50-ден астам түрлі жобалар бойынша жұмыс жүргізілуде. Дегенмен «370-Рейс» атпен түсірілуі мүмкін жобаға әлі ешбір кинокомпания құлшыныс білдірмесе де, бұл ой болашақта шындыққа айналуы әбден мүмкін. Себебі Голливуд осы іспеттес әлемдік апаттарға міндетті түрде өз үнін қосып отыруды әдетке айналдырған.
Алайда мұндай фильм жуық арада шыға қояды деп айтуға негіз жоқ. Өмірде орын алған трагедия мен соған арнап түсірілген фильмнің арасында әдетте ұзақ уақыт болады. Мәселен, Нью-Йорктегі теракт 2001 жылы болса, оның Оливер Стоун түсірген киносы тек 5 жылдан соң жарық көрді. Бүгінде Голливудта Бостон марафонында болған теракт туралы фильм түсіріліп жатыр, алайда оның қашан шығатыны туралы әлі белгісіз.
Малайзиялық ұшақ туралы фильм түсірсе, кинорежиссерлер бірнеше қиындыққа тап келуі мүмкін. Біріншіден, бұл адамдардың қазіргі эмоциялық жай-күйі. Дәл осындай жағдайға байланысты кезінде Сидней мен Бейжің арасында жоғалып кеткен ұшақ туралы австралиялық «Терең су» фильмі жарыққа шықпай қалған болатын.
Екінші маңызды мәселе, оқиғаға байланысты ақпараттардың тым тапшы болуы. Бұл сценарийшілерге қосымша қиындық туғызады.
Айта кетейік, бүгінде лайнердің қалдықтары болуы мүмкін деген күдікпен Үнді мұхитының 3 жерінен ұшақ сынықтары табылды.