Интернет-БАҚ-тың хабарлауынша, фильмде Рейганның рөлін 67 жастағы Майкл Дуглас сомдайды. Кеңестік президенттің рөлінде кім ойнайтыны әзірге белгісіз.
Рейган мен Горбачевтің кездесуі 1986 жылы 12 қазанда Исландия астанасында өтті. Көптеген тарихшылар бұл келіссөздер «қырғи-қабақ соғыс» дәуірінің аяқталуына негіз қалады деп санайды.