Головкин-Альварес айқасын көруге келген жұрт ұзын-сонар кезекте тұр
03:03, 17 Қыркүйек 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лас-Вегастың T-Mobile Arena-сында өтетін Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен Сауль Альварестің (49-1-1, 34 КО) жекпе-жегін көруге асыққан боксүйер қауым ұзын-сонар кезекке тұруда.
Инстаграмдағы GGG.Team.Kz парақшасында спорттық нысанның металл тексеретін құрылғыларының алдында жиналған қалың жұрттың фотосы жарияланды.
Қазақстанда жекпе-жекті «Qazsport» пен «Qazaqstan» арналары көрсетеді. Бокс кеші астана уақытымен таңғы сағат 06:00-де, ал Головкин мен Альварестің айқасы шамамен 08:50-де басталады.