Головкин-Альварес айқасының нақты уақыты белгіленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы бас жекпе-жек кешінің басталатын уақыты анықталды, деп хабарлайды Sports.kz.

Los Angeles Times келтірген ақпаратқа сүйенсек, шоу жергілікті уақытпен сағат 17:00-де басталады (Астана уақыты бойынша 17 қыркүйек, 06:00).

Ал, GGG мен «Канелоның» айқасы шамамен 19:50 кезінде (Астана уақытымен 17 қыркүйек 08:50) басталады. Оны Qazsport және Qazaqstan телеарналары тікелей көрсетеді.