Головкин-Альварес қарымта кездесуінің промо-ролигі желіні шарлап кетті
07:42, 16 Қазан 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - The Fight Game-нің Youtube-каналы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) реваншына арналған видеоны жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.
Реванш 5 мамырда өтеді деген болжам бар. Үздіктердің екінші айқасын қабылдауға Лас-Вегас, Нью-Йорк және Даллас қалалары үміткер болып отыр. Еске сала кетсек, 16 қыркүйекте Лас-Вегаста өткен алғашқы Головкин - Альварес жекпе-жегі тең нәтижемен аяқталған болатын.