Головкин - Альварес рематчы: Жаңа проморолик жарияланды
04:19, 09 Қыркүйек 2018
АСТАНА. ҚазАқпарат - BDA Boxing Youtube-каналы Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен мексикалық Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы рематчқа арналған видеоны жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.
Видеоролик 1990 жылдардағы фильмдердің трейлері стилінде жасалған.
Айта кетейік, Головкин мен «Канелоның» бірінші айқасы 2017 жылы 16 қыркүйекте Лас-Вегаста өтіп, даулы тең нәтижемен аяқталды. Рематч 15 қыркүйекте сол жерде өтеді.