Головкин Альварес туралы пікірімен бөлісті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Орта салмақта WBA Super, IBF және IBO титулдарының иегері Геннадий Головкин (34-0, 31 КО) Мексиканың осы салмақтағы әлем чемпионы Сауль Альвареспен (46-1-1, 32 КО) күтіліп отырған жекпе-жегі туралы ойларымен бөлісті.

Еске сала кетейік, бұған дейін боксшылардың командалары екі спортшының титулдарының аралық қорғауын өткізетіні, ал 2016 жылдың қыркүйегінде бір-бірімен кездесетіні туралы келісім орнатқан.

«Әрине, мен Саульмен айқасқым келеді. Өзімді былай қойғанда, бұл жекпе-жекті жұрттың барлығы күтіп жүр. Ол өте мықты боксшы және Мигель Коттомен жақсы жұдырықтасты. Бұдан басқа, Флойдқа (Мэйуэйзер) 12-раундтық қарсыласудан бағалы тәжірибе жинақтады. Қазір Альварестің жағдайы бірнеше жыл бұрын уақытпен салыстырғанда әлдеқайда тәуір», - деген Геннадийдің сөздерін келтіреді Boxingscene.