Головкин-Альварес үшінші айқасына не кедергі болуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат  - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес мексикалық Сауль Альвареспен үшінші айқас болатынына сенімді. Алайда, белгілі бір жағдайлар оны өткізуге кедергі болуы мүмкіндігін айтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат  Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Айқастың болатынына сенімдімін. Бірақ барлығы ойлағаныңдай бола бермейді. Үлкен жоспарларды тас-талқан ететін нашар кеңестер берілуі мүмкін... Меніңше, Golden Boy-дан Оскар (Де ла Хойя) мен Эрик (Гомес) бүтін бокс үшін бұл айқастың маңыздылығын түсінеді. Бұл, жыл айқасы болуы мүмкін. Бірақ кейді түрлі жағдайлар болады. Міндетті түрде Golden Boy үшін емес, нашар кеңесшілер, менеджерлер мен басшылардан болуы ықтимал», - деді Санчес.

Еске салайық, Головкин мен Альварестің алғашқы айқасы тең ұпаймен аяқталды. Реваншта жеңіс  төрешілердің басым дауысымен «Канелоға» берілді.