Головкин-Альварес жекпе-жегі бел ортасынан асты

АСТАНА. ҚазАқпарат – Лас-Вегастағы T-Mobile Arena стадионында өтіп жатқан Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы 12 раундтық бокс жекпе-жегінің 6 раунды аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«GGG» мен «Канело» арасындағы үшінші кездесу бел ортасына жетті. Әзірше спортшылардың біріне айқын басымдық беруге ерте. Тартысты айқаста екі спортшы да жанын салып жұдырықтасып жатыр.

Бесінші раунд қорытындысы бойынша, төрешілердің бәрі «Канелоның»басым келе жатқанын тіркеді.

Еске салсақ, «GGG-Канело» трилогиясын «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетіп жатыр.

Головкин boxingnews24.com сайтындағы сұхбатында жанкүйерлер қаласа, Сауль Альвареспен төртінші жекпе-жекке де шығуға әзір екенін мәлімдеген.

Соған қарамастан, Головкиннің кейінгі 4 жекпе-жегіне стриминг қызметін ұсынып келген DAZN компаниясы жоспарланған алты бокс кешінің ертеңгі бесіншісінен кейін «GGG»-мен арадағы келісімшартты тоқтатын болды.

Головкин-Альварес бокс кешінде тағы бір қазақстандық өнер көрсетеді. 27 жастағы Әли Ахмедов америкалық Габриэль Росадоны (26-15-1, 15КО) жеңді.