Мәселен, Головкин - Альварес жекпе-жегі классикалық үлгіге айналған келесі айқастармен бір қатарға қойылды:
Тони Зэйл - Рокки Грациано II (1947 жыл)
Джин Фуллмер - Шугар Рэй Робинсон II (1957 жыл)
Нино Бенвенути - Карлос Монсон I (1970)
Марвин Хаглер - Томми Хирнс (1985)
Айрен Баркли - Роберто Дуран (1989)
Бернард Хопкинс - Оскар де ла Хойя (2004)
Джермейн Тейлор - Келли Павлик І (2007).
Айта кетейік, Головкин-Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйек күні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы «T-Mobile» аренада өтеді. Оны «Qazaqstan» мен«Qazsport» телеарналары тікелей эфирден 17 қыркүйек күні (уақыт айырмашылығына байланысты) көрсетеді. Головкин-Альварес айқасы сағат 8.50-де басталады.