«GGG» мен «Канело» арасындағы үшінші кездесудің 11 раунды да мексикалықтың пайдасына шешілді.
Аса тартысты өткен айқастың алғашқы раундтарында Альварестің басымдығы сезілген. Екінші және бесінші раундта жасаған қауіпті соққылары Голвокиннің жанкүйерлеріне алаңдатып-ақ тастады.
Жетінші раундты «Канело» қарқынды бастады. Ал GGG-дің көздеп ұрған «апперкоттары» ауа қармап жатты.
10 раундтан бастап Головкин қарсыласына жойқын соққыларын дарыта білді.
Еске салсақ, Головкин boxingnews24.com сайтындағы сұхбатында жанкүйерлер қаласа, Сауль Альвареспен төртінші жекпе-жекке де шығуға дайын екенін мәлімдеген.
Соған қарамастан, Головкиннің кейінгі 4 жекпе-жегіне стриминг қызметін ұсынып келген DAZN компаниясы жоспарланған алты бокс кешінің ертеңгі бесіншісінен кейін «GGG»-мен арадағы келісімшартты тоқтатын болды.
Головкин-Альварес бокс кешінде қазақстандық өнер көрсетіп, 27 жастағы Әли Ахмедов америкалық Габриэль Росадоны (26-15-1, 15КО) жеңді.