АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA (Super), WBC, IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің жекпе-жегіне билеттер кездесудің өтуіне екі айға жуық уақыт қалғанда түгел дерлік сатылып кетті.
Головкин мен Альварес 16 қыркүйекте Лас-Вегастағы 21 мың адам сыятын T-Mobile аренасында кездеседі. Қазіргі уақытта 20 мың билет сатылып кеткен.
«Билеттер жылдам сатылып жатыр. Соңғы деректер бойынша мыңға жуық қана билет қалған», - деп хабарлайды Golden Boy промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес ESPN-ге берген сұхбатында.
Билет бағасы 300 доллардан басталады.
Ербол Жанат
ЕҰУ-да журналистика мамандығы бойынша бакалавриатты және магистратураны тәмамдаған. Стамбул мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен. «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында, "Астана ақшамы" газетінде тілші болған. 2014 жылдан бері Kazinform ХАА-да шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.