«GGG алғашқы жекпе-жекте жеңіске жетті. «Канело» көп раундта арқанға жабысып, белсенділік танытқан жоқ. Мен Головкиннің пайдасына 8-4 немесе 7-5 деп есептедім. Олар GGG-нің мүмкіндіктерін өз мүддесіне пайдаланды. Енді олар Головкиннің жасы келгенін айтып, «Канело» жеңіске жететін реванш өткізбекші», - деп жазды Келли твиттерде.
Айта кетейік, аталған боксшылар арасындағы алғашқы жекпе-жек 2017 жылдың 16 қыркүйегінде Лас-Вегаста өтіп, тең нәтижемен аяқталған еді. Реванш та дәл сол жерде 5 мамырда өтеді.