«Бұл жанкүйерлер үшін де, біз үшін де жақсы болады. „Ацтека" стадионы тамаша. Мен оны тікұшақта отырып көрдім. Хулио Сезар Чавес бұл жерде 130 мың жанкүйер алдында жұдырықтасқаны есімде», - деген Головкиннің сөздерін Boxingscene.com келтірді.
«Бұл менің Мехикоға екінші сапарым болды (WBC белдеуін алуға келгенде). Белдеуді алғаныма ризамын. Жанұям және WBC чемпиондары, Қазақстан Елшісі менімен бірге болды, бұл өте маңызды шара».