«Геннадий Портлендегі Nike кампусында Jordan-ға келіп, 16 қыркүйек күнгі «Канеломен» жекпе-жекке керекті спорттық киім-кешектері мен жабдықтарын алды», - деп жазды Головкиннің ұйымдастырушысы Том Леффлер өзінің Туиттердегі парақшасында.
Айта кетейік, Головкин аталмыш компаниямен өткен жылдың сәуір айында келісімшарт жасасты. Содан бері WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымы бойынша орташа салмақты әлем чемпионы түрлі жарыстарға осы брендтің киімдерімен шығады, ал компания өз кезегінде боксшыға арнап айрықша киім мен аяқ киім шығарады.
Головкин мен Альварестің айқасы 16 қыркүйек күні өтеді. 1XBET букмекерлік кеңсесі бұл жекпе-жекте жеңіске үміткер - қазақстандық боксшы деп санайды.