Головкин Альварестің орнына Сондерспен жұдырықтасуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Промоутер Том Леффлер LA Times-қа Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің супер жекпе-жегін өткізу мүмкін болмаған жағдайда GGG-дің Билли Джо Сондерспен жұдырықтасуын ұйымдастыру қызығушылығы туралы айтып берді, деп хабарлайды Sports.kz.

«Біз әлі де Канеломен жекпе-жек ұйымдастырғымыз келеді. Оның титулы жоқ болғаны маңызды емес. Бұл әлі де бокстағы ең үлкен жекпе-жек. Егер осындай жұдырықтасуды өткізе алмасақ, Геннадий үшін басқа нұсқаларды қарастырамыз. WBO бойынша әлем чемпионы Билли Джо Сондерспен жұдырықтасу да біз үшін қызықты болмақ», - деді ол.