«Геннадий мен Санчес бірге отырып, барлығын ақылдаспақшы. Бірінші жекпе-жекте 12 раундтың 8-інде жеңіске жеттік. Қарымта жекпе-жекте жылдам әрекет ету керек. Қаттырақ соққы беріп, соққыларды дөп тигізуі тиіс. Бірінші айқаспен салыстырғанда, Альварестің өзіне сенімділігі артты, себебі ол Головкинге қарсы 12 раунд бойы тұрған екінші боксшы», - деді Леффлер.
Еске салайық, Головкин - «Канело» реваншы 5 мамырда өтеді. Жекпе-жек тағы да Лас-Вегаста өтеді деп күтілуде.