АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин Инстаграмдағы парақшасында әлем халықтарын құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Боксшы Наурызға арналған құттықтауын қазақ, орыс және ағылшын тілінде жеткізді.
«Наурыз құтты болсын! Барша Қазақстан халқын осы үлкен мейраммен құттықтаймын. Осы атаулы күнді мерекелеп жатқандарға Наурыз бақыт әкелсін!», - деп жазған Геннадий Головкин.
Өз кезегінде Инстаграмм пайдаланушылары да боксшының лебізіне алғысын айтып, пікірлерін қалдырған.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.