Головкин әлемдегі ең қауіпті боксшылар рейтингіне кірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) әлемдегі ең қауіпті боксшылар тізіміне кірді деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Ол бұл тізімде украиналық Василий Ломаченкодан кейінгі екінші орында тұр.  ТОП-5 тізімін НВО арнасының комментаторы Джим Лэмпли жасады.

HBO арнасының жүргізушісі бірінші орынға украиналық Василий Ломаченконы (7-1, 5 КО) қойған. Ал үздік үштікке никарагуалық Роман «Чоколатито» Гонсалес, төртінші орында америкалық Андре Уорд болса, бесінші орынға ресейлік Сергей Ковалев иелік еткен.