«Туған күніңмен, Майкл! Кезекті бірлескен жекпе-жектерді тағатсыздана күтемін! #LetsGetReadyToRumble», - деп жазды Головкин Твиттерге. Боксшы әлеуметтік желіге сондай-ақ конферансьемен бірге түскен фотоны орналастырды.
Let's get ready to rumble! («Жекпе-жекке дайындаламыз» - ағылш.) фразасы - Баффердің әрбір гонг алдында айтатын сөзі және ол оны 1980-інші жылдардан бастап пайдаланып келеді. Сондай-ақ Майкл бокс әлемінде спортшыларды таныстырудағы өзіндік үлгісімен танымал.
Дереккөз: Sports.kz.