АСТАНА. ҚазАқпарат - UFC президенті Дана Уайт қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасында болатын рематчқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «SPORTINFORM»-ға сілтеме жасап.
«Жекпе-жекке мен де барамын. Бізді аса қызық айқас күтіп тұр. Мен Головкинді бірінші кездесуде жеңді деп санаймын және алдағы айқаста ол тағы жеңеді», - деді Уайт.
GGG мен «Канело» арасындағы екінші жекпе-жек 16 қыркүйекте, Астана уақытымен 10:00-де басталады.
Жанат Қапалбаева
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын аймақтық басылымдардан бастаған.
Төрт тіл біледі, кәсіби аудармашы.
2018 жылдан бері – Kazinform шығарушы редакторы.
ҚР Журналистер одағының мүшесі.