АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкин өзінің Instagram парақшасында «Astana EXPO2017 көрмесінде кездескенше...» деп жазды деп хабарлады, ҚазАқпарат тілшісі.
Ол жеке парақшасына «Astana EXPO2017 көрмесінде кездескенше...» деп жазды. Сондай-ақ, ол өзінің суреті бейнеленген постерді де жариялады. Онда үш тілді «#GolovkinJacobs кездесуіне дейін 16 күн, #AstanaEXPO2017 көрмесінің ашылуына 100 күн қалды!»,- деп жазылған.
Еске сала кетейіқ, Головкин келесі жекпе-жегін 18- наурызда өткізеді. Головкин - Джейкобс жекпе-жегі Нью-Йоркте өтеді.
Бокс кешін «Қазақстан» және KazSport арналары тікелей эфирде көрсетеді.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.