Үздік бестікке жапондық Наоя Иноуэ мен Кадзуто Иока, филлипиндік Нонито Донейр мен Марк Магсайо, сонымен қатар қазақстандық Геннадий Головкин енді. Жасалған коллаждың астында «Азия – континент жұлдыздары» деп жазылған.
Еске сала кетейік, Геннадий Головкин жақында Азия боксы тарихындағы ең ірі айқасқа қатысады – 9 сәуір күні ол орта салмақтағы WBA Super әлем чемпионы Риота Муратамен Сайтамда (Жапония) рингке шығады. Бір қызығы – Наоя Иноуэ жапондық көрсетілімнің комментаторы болады.