Головкин Badlefthook.com рейтингінде көш бастап тұр
17:42, 21 Желтоқсан 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал бокс сайты Badlefthook.com Билли Джо Сондерс - Давид Лемье кездесуінен кейін әлемдегі ең мықты орта салмақтағы боксшылардың рейтингін жариялады. Бұл туралы Sports.kz жазды.
Үздік ондықтың басында әрине, қазақстандық боксшы Генадий Головкин тұр. Екінші орынға оның соңғы қарсыласы Сауль Альварес жайғасқан. Үшінші орынға да Головкинның ежелгі экс-қарсыластарының бірі Дэниэл Джэйкобс табан тірепті.
Ретингтің одан арғы көрсеткіші төмендегідей:
4. Билли Джо Сондерс
5. Сергей Деревянченко
6. Риота Мурата
7. Джермалл Чарло
8. Деметриус Андраде
9. Давид Лемье
10. Туреано Джонсон.