Бірінші орын енді мексикалық Сауль «Канело» Альваресті екінші орынға ығыстырған америкалық Теренс Кроуфордқа тиесілі. Ал үздіктер үштігін бұрын төртінші орында болған қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин тұйықтап тұр.
BoxRec.com сайтының P4P бойынша ТОП-10 қатарына кіретін өзге боксшылар мыналар:
4. Василий Ломаченко (Украина)
5. Срисакет Сор Рунгвисаи (Таиланд)
6. Луис Нери (Мексика)
7. Энтони Джошуа (Ұлыбритания)
8. Лео Санта Круз (Мексика)
9. Мигель Берчельт (Мексика)
10. Александр Усик (Украина)