8 маусымда Геннадий канадалық Стив Роллспен жекпе-жек өткізеді. Содан кейін қыркүйекте Сауль «Канело» Альвареспен үшінші айқас өткізуге ниетті. Бұдан бөлек, рингке жылдың соңына қарай шығуы мүмкін екенін жоққа шығармады.
«Менің DAZN-мен келісімшартым алты айқасқа жоспарланған. Егер Роллспен айқас сәтті өтсе, келесі жекпе-жек қыркүйекте болады. Ешқандай проблема («Канеломен») туындамаса, рингке желтоқсанда оралғым келеді. Мен қолымның бос болғанын қаламаймын. Бұл менің стилім. Мен бұрынғы мектептің боксшысы болғандықтан, жылына екі рет емес, бірнеше рет бостасқым келеді. Мен жылына үш-төрт жекпе-жек өткізгім келеді. Чемпион болуды қалаймын», - деп келтіреді GGG-дің сөзін Los Angeles Times.