АСТАНА. ҚазАқпарат - Бокс туралы көне Boxing News басылымының (1909 жылдан бастап шығады) сайты салмақ дәрежесінен қарамастан әлемнің үздік боксшылары рейтінгісінің жаңа нұсқасын жариялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Алғашқы ондықтың басында америкалық Андре Уорд орналасқан, екінші орында мексикалық Саул Альварес, ал үшінші - қазақстандық орта салмақтағы Геннадий Головкин.
Әрі қарайғы рейтинг көрсеткіші төмендегідей:
4. Теренс Кроуфорд
5. Василий Ломаченко
6. Срисакет Сор Рунгвисаи
7. Роман Гонсалес
8. Гильермо Ригондо
9. Сергей Ковалев
10. Лео Санта Круз.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.