Головкин-Брук жекпе-жегін 1,4 миллион көрермен тамашалады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен сенбі күні Лондонда болған Геннадий Головкин мен Келл Брук жекпе-жегі қазақстандықтың жеңісімен аяқталды, деп хабарлады Sports.kz.

«О2» аренасындағы  Геннадий Головкин мен Келл Брук жекпе-жегі  НВО-да 1,4 миллион рет қаралды. Көрсеткіш мексикалық  «Ацтека» стадионындағы  рекордтық көрсеткіш - жарты миллион көрілім деңгейіне сәл ғана жетпеді.