Головкин - Брук жекпе-жегін Астанада үлкен экранда көрсетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкин (35-0, 32 КО) мен IBF тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы британдық боксшы Келл Брук (36-0, 25 КО) жекпе-жегі Казмедиа холлында киноконцерт залында тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазмедиада тікелей көрсетілім 10 қыркүйекте көрсетіледі. Астана уақыты бойынша сағат 23.00-де басталады. Кіру тегін. Жекпе-жекті Қазақстан бойынша Головкиннің күллі жанкүйерлері тамашалайды деп күтілуде.

Еске салсақ, Геннадий Головкин (35-0, 32 КО)  мен IBF  тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы   британдық боксшы Келл Брук  (36-0, 25 КО)   айқасы Лондонда 10 қыркүйекте болады. Оны барша әлем бойынша GGG-ның миллиондаған жанкүйерлері көреді деп күтілуде.

«Қазақстан» ұлттық арнасында тікелей эфирден көрсетіледі. Жекпе-жек жазбасын Kazsport көрсетеді. Бұдан басқа, жекпе-жек HBO Boxing және Skysports көруге болады.