Головкин - Брук жекпе-жегінің билеттері жұма күні сатыла бастайды
15:38, 12 Шілде 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкин - Келл Брук жекпе-жегінің билеттері жұма күні, 15 шілдеде Лондон уақытымен сағат 9:00 (Астана уақытымен сағат 14:00) сатыла бастайды, деп жазды Sports.kz.
Бұл туралы лондондық О2 аренасының ресми твиттер-аккаунтында ан хабарланды. Кездесу осы аренада 10 қыркүйекте өтпек.