«Мен Джейкобсты сыйлаймын. Бүгінгі күні ол мен үшін ең жақсы қарсылас. Ол тәжірибелі әрі ақылды жауынгер және сырт келбеті де келісті. Менде Келл Брукпен көше төбелесі болып еді, ал Джейкобспен бокс болады. Әрбір айқас - әртүрлі. Қазір барлығы боксты көргісі келеді. Барлығы аса маңызды екендігін жіті түсінемін: жеңген боксшы орта дивизионда нөмірі бірінші болады», - деп атап өтті Головкин.
Еске салайық, Головкин-Джейкобс жекпе-жегі 18 наурыз күні Нью-Йорктің Madison Square Garden аренасында өтеді. Қазақстандық телеарналар айқасты тікелей эфирден көрсетеді.