Головкин: Брукпен жекпе-жекке дайынмын

АСТАНА. ҚазАқпарат - Орта салмақта WBA (Super), WBC және IBF бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин британдық жартылай орта салмақ боксшысы Келл Брукпен өтетін жекпе-жек төбелеске ұқсас болса дейді. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.

«Мен 12 раунд бойы жұдырықтасуға дайынмын. Сондай-ақ ол жекпе-жек көше  төбелесіне ұқсас болса деймін. Мен көше төбелесін жақсы көремін», - дейді Головкин.

Айта кетейік, 10 қыркүйек күні Лондонда Геннадий Головкин мен Келл Брук арасында жекпе-жек өтеді.