Қазір Чавесті әйгілі америкалық жаттықтырушы Роберт Гарсия баптап жатыр. Егер кіші Хулио Сезар Чавес Геннадиий Головкинмен жекпе-жекке шықса, не болады деген сұраққа ол: «Міне, сол жекпе-жекті мен көргім келеді. Онда нағыз соғыс болады. Екеуі де осал емес, жақсы жекпе-жек болар еді», - деп жауап берді. Еске сала кетейік, 2 ақпанда Геннадий Головкин Осуман Адаманы техникалық нокатупен ойсырата жеңді. Қазақстандық боксшының 30-шы жекпе-жегі АҚШ-та 26 ақпанға жоспарланған. Ал қарсыласы кім болатынын әзірге белгісіз.