Коппинджер Твиттерде жазуынша, Головкин жуық арада осы телекомпаниямен келісімшартқа отыруы мүмкін.
«Эдди Хирн мен Джон Скиппер бүгін Лос-Анджелесте Геннадий Головкинмен кездеседі. Хирн GGG-мен келісіп, оны DAZN жобасына әкелетініне сенімді. Егер келіссөздер барысында әлдебір кедергілер туындамаса, «Головкин - Хирн/DAZN» мәмілесі аяқталатын сынды», - дейді ол.
Еске сала кетейік, Головкинге ESPN телеарнасы да, жекпе-жектерді FOX және Showtime арқылы көрсететін Premier Boxing Champions компаниясы да қызығушылық білдіріп отыр.