«Жоқ, бұл Геннадий Головкин емес,- деді Марес, болашақ қарсылас жайлы болжамын туралы айта келе, «GGG оны есінен тандырады. Де Ла Хойені сыйлаймын, дегенмен оның спорттық жолындағы дүрілдеген кезеңі артта қалды. Оскарға жақсы қарсылас үлкен Чавес болады. Мен оны рингте тағы да көргім келеді. Сіздер Чавесті соңғы уақыттарда көрдіңіздер ме? Менің ойымша, ол бабында»,-деді.
42 жастағы Оскар Де Ла Хойя 1992 жылғы Олимпиада чемпионы, екінші жартылай жеңіл салмақтағы, бірінші жартылай орта салмақтағы, бірінші орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы.
Өзінің кәсіби бокстағы жолында 45 жекпе-жек өткізіп, 39 рет (30 нокаут) жеңген. Қазіргі уақытта Де Ла Хойя Golden Boy промоутерлік компнаияны басқарады, деп хабарлайды Vesti.kz.