«Андраденің соңғы жекпе-жегіне қарап, оған ешкім қызыға қоймас деп ойлаймын. Ол өте дарынды жігіт, оның әлемге өзін мықтап танытатындай мүмкіндігі де болды. Бірақ ол жеңіске жеттім - біттінің тірлігін істеді. Сол жекпе-жегі үшін оған біраз жұрт наразы болды», - дейді Санчес.
Еске сала кетейік, Андраде намибиялық Уолтер Каутондокваны (17-1, 16 КО) жеңіп, орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанған болатын.