АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің тамаша дене даярлығы Sports Illustrated басылымының «әлемнің ең шымыр спортшыларының» рейтингіне енуіне мүмкіндік берді, деп хабарлайды Sports.kz.
Геннадий рейтингтің 11-інші орнына орналасып, тізімдегі жалғыз боксшы атанды. Сонымен қатар, рейтингке аралас жекпе-жек бойынша екі жауынгер - Конор Макгрегор мен Деметриус Джонсон енді.
Бұған дейін БАҚ GGG-дің мексикалық Сауль Альвареспен жекпе-жекке дайындығы барысында оның тамаша дене бітімін жарыса жазған болатын.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.