Бірінші болып Панамаға 160 фунт салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы Дэниел Джекобс жетті. Жақын арада WBC нұсқасы бойынша жеңіл салмақтағы әлем чемпионы Хорхе Линарес, Жанат Жақиянов, Давид Аванесян, Кохэй Коно, Хавьер Фортуна мен WBC әйелдер белдеуінің иегері Майерлин Ривас қосылады. Шара 13 және 19 желтоқсан аралығында өтеді.
10:03, 13 Желтоқсан 2015
Головкин дүйсенбіде Панамаға ұшып барады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин өз командасымен жыл сайынғы WBA 94-ші Конвенциясына аттанады. Панамада Головкин дүйсенбіде күннің екінші жартысында болады, деп хабарлады Sports.kz панамалық Panamá América порталына сілтеме жасап.