Головкин - Джейкобс айқасы Нью-Йорктегі Barclays Center аренасында өткізілуі мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкин мен Дэниэль Джейкобс арасындағы жекпе-жек Нью-Йорктегі орындардың бірінде өтуі мүмкін, деп хабарлады Sports.kz.

 Boxingscene.com белгілі болғандай, Бруклинде Barclays Center аренасы  10 желтоқсанға  брондалды. Онда Дүниежүзілік бокс қауымдастығымен Геннадий Головкин «GGG»  (36-0, 34KO) мен Дэниэль  Джейкобс (32-1, 29KO) арасындағы міндетті айқас өткізілуі мүмкін.

Нью-Йорктегі екі кездесу орны, Barclays және Мэдисон-Сквер-Гарден көптен күткен айқас өз аумақтарында өтеді деп үміттенеді.