18 наурыз сенбі күні кешке өтетін боксқа билеттер сатылымы 24 желтоқсан күні басталады. Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасындағы бір орынның ең төменгі бағасы 100 долларды құрайды. Ал қымбат билет құны 1 000 долларға жетеді. Билеттерді Madison Square Garden кассаларында, сондай-ақ Ticketmaster.com сайтында сатып алуға болады. Жекпе-жекті HBO телеарнасы ақылы тікелей көрсетілім (PPV) арқылы көрермендердің назарына ұсынады. Көрермен тікелей көрсетілім үшін 54,95 доллар төлеуі қажет.
Айта кетейік, Madison Square Garden 17-18 мың адамға арналған. Бокс болған уақытта аренаға 20 мыңға дейін адам сыяды.