АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Нью-Йорк қаласында орта салмақта WBA (Super), IBO, IBF және WBC тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен WBA regular чемпионы Дэниэл Джейкобстың 12 раундқа созылған жекпе-жегінің толық видеосы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл отандасымыздың кәсіпқой бокс карерасындағы ең ұзаққа созылған алғашқы айқасы болды.
Головкин қарсыласын төртінші раундта нокдаунға түсірді. Қазақстандық оң қолымен Джейкобстың бүйірінен ұрды, ол сәтте тізерлеп отырып қалды. Төрешілер шешімі: 114-113, 115-112, 115-112
Айта кетерлігі, Дэниэль Джейкобс орта салмақтағы мықты боксшылардың бірі. Ол осы уақытқа дейін кәсіби мансабында бір ғана рес сүрінген. 34 кездесу өткізіп, 32 рет жеңіске жеткен. Оның 29-ында қарсыласын нокаутпен ұтқан.
Ал Головкин жалпы саны 37 жекпе-жекке шығып, оның барлығында жеңіске жетсе, 33 айқасын мерзімінен бұрын аяқтады.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.