Еске салсақ, 18 наурыз күні Нью-Йоркте (АҚШ) Головкин төрешілердің бірауызды шешімімен ұпай саны бойынша Джейкобсты жеңіп, чемпиондық атағын қорғап қалды.
«Madison Square Garden трибуналарына билеттерді сату $3,7 миллион доллардан асты. Бұл 2015 жылғы қазанда болған Давид Лемьеге қарсы жекпе-жек көрсеткішінен екі есеге көп, - деді чемпионның промоутері Том Лёффлер. - Шоуды халықаралық көрсету құқығын 100-ден астам ел сатып алды. Бұл Геннадийдің бұрын-соңды айқастарымен салыстырғанда, қомақты түсім».
«Головкин демеушілерден, соның ішінде Hublot және Chivas-тан да рекордтық табыс алды».
Бұдан басқа, сенбі күні GGG фирмалық белгісін сатудан түскен кіріс 150 мың доллардан асып жығылды. Бұл Головкиннің Лемьемен айқасындағы көрсеткіштен көп (124 мың доллар).
«Ал PPV сатылымы ақылы көрсетілім жүйесі бойынша Геннадийдің алғашқы айқасының болжалды көрсеткішінен асып түсіп, 153 000 жазылушыны құрады. Бірақ нақты сандар әлі де саналу үстінде».