«Меніңше, Дэнни жекпе-жектің ортасына дейін жақсы қарсылық көрсетеді. Бірақ екінші жартысында, шамамен жетінші және тоғызыншы раундтардың арасында Геннадийдің күші әсер ете бастайды және Кёртис Стивенспен болғандай, Джейкобстың тарабы айқасты тоқтатады. Немесе Дэнни жақсы соққының құрбаны болады», - деп келтіреді Санчестің сөздерін Boxing Scene.
Еске салайық, Головкин-Джейкобс жекпе-жегі 18 наурыз күні Нью-Йорк қаласындағы «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында өтеді. Қазақстандық телеарналар айқасты тікелей эфирден көрсетеді.
Дереккөз: Sports.kz